Қазақстан U17 құрамасы Даму кубогын жеңіспен бастады
Қазақстан U17 құрамасы Беларусь еліндегі Даму кубогы атты беделді турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан жастар құрамасы Даму кубогындағы алғашқы матчында Минск 19 құрамасымен кездесті.
Ойынның 21-минутында Дигдар Омаров мергендік танытты. 49-минутта Қазақстан құрамасы есепті еселей түсті. Пенальтиден «Қайрат» академиясының түлегі Ислам Рақым гол соқты. Ал 51-минутта Дигдар Омаров дубль авторы атанып, есепті 3:0-ге жеткізді.
59-минутта Минск командасы бір гол соғып, жұбаныш голын соқты. Осыдан кейін кездесудің есебі соңына дейін өзгерген жоқ. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Енді қазақстандық жастар ертең Беларусь U17 құрамасымен кездеседі. Матч 20:00-де басталады.
Қызылорда облысы әкімдігі «Қайсарға» 858 млн теңге бөлмек