Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубайдағы беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Дубайда өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде табысты өнерін жалғастырып, сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финал жолдамасын жеңіп алды.
Қазақстан-сербия дуэті ширек финалда тәжірибелі жұп - Людмила Киченок / Дезире Кравчикке қарсы ойнап, тартысты кездесуде жеңіске жетті. Матч бір жарым сағаттан астам уақытқа созылып, шешуші тай-брейкте аяқталды.
WTA 1000 Дубай. Хард. 1/4 финалАнна Данилина (Қазақстан) / Александра Крунич (Сербия) - Людмила Киченок (Украина) / Дезире Кравчик (АҚШ) - 6:1, 4:6, 10:6
Осы нәтижеден кейін Данилина мен Крунич турнирдің жартылай финалында Дабровски / Стефани - Олмос / Пегула жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или