Роналду «Аль-Насрдың» Чемпиондар лигасындағы матчына неге қатыспағаны белгілі болды

Роналду «Аль-Насрдың» Чемпиондар лигасындағы матчына неге қатыспағаны белгілі болды

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы Азия Чемпиондар kигасы 1/8 финалының қарымта матчында түрікменстандық «Аркадагты» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойынға «Аль-Насрдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду қатысқан жоқ. Шетелдік басылымдар бұл шешімге түрлі болжам жасап жатыр.

«Марсело Брозович, Кингсли Коман және Жоау Феликс сияқты шеберлер қосалқы құрамнан алаңға шықты, ал Садио Мане матч бойы қосалқы құрамда қалды. Жалғыз голды вингер Абдулрахман Гариб екінші минутта соқты, ал «Аркадаг» қорғаушысы Гуйчмурад Аннакулиев 91-минутта алаңнан қуылды.

Роналдуға Сауд Арабиясы чемпионатының шешуші кезеңі алдында демалыс берілген сияқты. «Аль-Наср» көш басындағы «Аль-Хилалдан» бір ұпай ғана артта қалып, екінші орында тұр. Оның үстіне команда кейінгі тоғыз матчта қатарынан жеңіске жетті», - деп жазды Goal.com порталы.

Айта кетейік, жақында Криштиану Роналду «Аль-Насрдың» трансферлік және басқару саясатына наразы болды, клуб басшыларына шағым білдірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или