Скатов Лилльдегі турнирмен қоштасты
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан «челленджер» санатындағы турнирдің екінші айналымында кортқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік рейтингте 195-орында тұрған Скатов бұл кезеңде турнирдің алтыншы нөмірлі сеянныйы, әлемнің 120-ракеткасы француз Титуaн Дрогемен кездесті. Матч екі сетке созылып, алаң иесінің 7:6, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесу шамамен екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық теннисші үш эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді. Ал қарсыласы бес эйс орындап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ.
Осылайша Тимофей Скатов Лилльдегі турнирдегі өнерін аяқтады.
Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың келесі кезеңіне өтті
Рыбакина Дубайдағы жарысты жалғастырудан не үшін бас тарқаны белгілі болды