Португалия капитаны жеке амбициясынан гөрі команданы таңдады
Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубының шабуылшысы әрі Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду әлем чемпионатында негізгі құрамнан тыс қалуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Деректерге сәйкес, 41 жастағы футболшы бас бапкер Роберто Мартинес команда мүддесі үшін солай шешсе, қосалқы құрамда отыруға қарсы емес. Роналду өзіне кепілді түрде негізгі орын талап етпейді және ұлттық құраманың табысын жеке мақсаттан жоғары қоятынын көрсеткен.
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуді сенімді түрде аяқтап, F тобында 13 ұпай жинап, бірінші орынмен тікелей жолдама алды. Келесі жазда АҚШ, Мексика және Канадада өтетін мундиальда португалиялықтар Өзбекстан және Колумбия құрамаларымен бір топта ойнайды. Тағы бір қарсылас плей-офф матчтарынан кейін анықталады.
Биылғы маусымда Роналду "Аль-Наср" сапында барлық турнирде 23 матч өткізіп, 19 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
УЕФА «Бенфика» — «Реал» матчындағы оқиғаларды тергей бастады
Қазақстандық футболшылар ойнайтын РПЛ клубы қарсыласпен тең түсті