«Қайсар Арена» сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін

«Қайсар Арена» сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін

Қызылорда облысының әкімдігі жеке басқаруға өткен «Қайсар» клубын қаржыландыруға шамамен 858 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қосылған құн салығын есептемегенде 858 млн теңгеге жуық сомаға спорт клубының қызметін ұйымдастыру бойынша тендер жариялаған. Құжаттарға сәйкес, қаржы «Қайсардың» Премьер-лигадағы чемпионатқа, Екінші лига біріншілігіне және Қазақстан кубогына қатысуын қамтамасыз етуге бағытталады. Әр команда үшін ел ішінде және шетелде кемінде екі оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.

Бөлінетін қаражат жаттығу үдерісін ұйымдастыруға, спорттық киім-кешек пен жабдыққа, тамақтануға, медициналық қызметке және сақтандыруға жұмсалады. Сонымен қатар жалақы, жеңіс үшін сыйақы, іссапар шығындары, әкімшілік қызметкерлерді ұстау, коммуналдық төлемдер, кеңсе тауарлары мен жанар-жағармай шығындары қарастырылған. Команда мен бапкерлер штабына көлік беру және Қазақстан футбол федерациясының талаптарын орындау да осы қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін құны 25,7 млрд теңге болатын «Қайсар Арена» стадионын бес жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жоспары белгілі болған еді. Нысан 2025 жылы ашылған, сыйымдылығы 11 мың көрерменге арналған және УЕФА-ның төртінші санаты талаптарына сәйкес келеді.

Еске салайық, 2025 жылдың қазан айының соңында «Қайсар» жеке басқаруға өткен. Клубтың жаңа жетекшісі болып Исламғали Көзбақов тағайындалған. Клуб мәліметінше, алдағы уақытта академия мен инфрақұрылымды дамытуға және құрамды күшейтуге қомақты инвестиция тарту көзделген.

Қазақстандық жас сұрмерген Испанияда 15-ші голын соқты

«Оқжетпес» пен грузиялық команда арасындағы ойында алты доп соғылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или