ФИФА басшысы ЧЛ матчындағы жанжалға пікір білдірді

ФИФА басшысы ЧЛ матчындағы жанжалға пікір білдірді

ФИФА президенті Джанни Инфантино «Бенфика» мен мадридтік «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы матчында болған нәсілшілдік дауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор «Бенфика» вингері Джанлука Престианни өзін нәсілшіл сөзбен қорлады деп айтқан еді. Бразилиялық ойыншының шағымынан кейін кездесудің бас төрешісі Франсуа Летексье нәсілшілдікке қарсы хаттаманы іске қосып, ойынды уақытша тоқтатты. Матч 1:0 есебімен испаниялық клубтың жеңісімен аяқталды.

Инфантино бұл жағдайға «таңғалып әрі қапаланғанын» жеткізіп, футболда да, қоғамда да мұндай әрекеттерге орын жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ФИФА нәсілшілдікпен күрес жөніндегі жаһандық бағдарлама және ойыншылардың құқықтарын қорғау комиссиясы арқылы футболшылардың, төрешілердің және жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.

Сонымен қатар, ФИФА басшысы төрешінің дер кезінде хаттаманы қолданғанын оң бағалап, мұндай оқиғаларға жол бергендер міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты. Инфантино әлемдік футбол қауымдастығы нәсілшілдік пен кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы екенін тағы да қайталап, «Нәсілшілдікке жол жоқ» деген ұстанымды атап өтті.

УЕФА «Бенфика» — «Реал» матчындағы оқиғаларды тергей бастады

Қазақстандық футболшылар ойнайтын РПЛ клубы қарсыласпен тең түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или