Каталон клубы қауіпті сәттер бойынша антирейтингте көш бастады
Каталониялық «Барселона» Еуропаның алдыңғы қатарлы клубтары арасында өз қақпасы маңында ең көп қауіпті сәт жіберген команда болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусым басталғалы бері барлық турнирде 38 матч өткізген команда қарсыластарына 95 қауіпті мүмкіндік жасауға жол берген. Орта есеппен әр ойында 2,5 голдық сәттен келеді. Бұл – Еуропа элитасындағы ең нашар көрсеткіш.
Бұл антирейтингте екінші орында «Челси» тұр. Лондондық клуб 92 қауіпті сәт жіберген, яғни бір матчқа шаққанда 2,24 эпизодтан айналады.
«Барселонаның» қорғаныстағы мәселесі соңғы ойындарда анық көрінді. Испания чемпионатында команда «Жиронадан» 1:2 есебімен жеңілсе, артынша Испания кубогында «Атлетикодан» 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.
УЕФА «Бенфика» — «Реал» матчындағы оқиғаларды тергей бастады
Қазақстандық футболшылар ойнайтын РПЛ клубы қарсыласпен тең түсті