УЕФА «Бенфика» — «Реал» матчындағы оқиғаларды тергей бастады
«Бенфика» — «Реал» кездесуіндегі нәсілшілдік жанжалы, он минуттық үзіліске себеп болған бұл оқиға, УЕФА-ның назарынан тыс қалмады. Футбол одағы бұл мәселе бойынша өз платформаларында да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
УЕФА-ның баспасөз хабарламасына сәйкес, матчтағы барлық дискриминацияға қатысты жағдайды зерттеу үшін этика және тәртіптік іс бойынша арнайы инспектор тағайындалды. Қосымша ақпарат әзірге берілмейді, одақ тергеу барысында ресми коммюнике жариялап отыратынын жеткізді.
Айта кетейік, екінші тайм басында Винисиус Жуниор гол соғып, кейіннен «Бенфика» ойыншылары тарапынан нәсілшілдік шабуылға ұшырады. Сонымен қатар, «құстар» жанкүйерлерінің трибунадан алаңға зат лақтырғаны үшін де қатаң жаза алуы әбден мүмкін.