Егор Ткаченко «Атырау» жейдесінде топ тебеді
«Атырау» «Қайраттың» түлегі және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Егор Ткаченконың командаға ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Егор Ткаченко – «Атырау» ойыншысы!
Егор - «Қайрат» футбол академиясының түлегі, қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
15.04.2003
Бойы: 182 см
Позициясы: қорғаушы
Карьерасы барысында ойнаған клубтар:
«Қайрат Мәскеу»
«Қайрат Алматы»
«Қайрат Алматы-2»
«Жетісу»
«Елімай»
Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының (U21) сапында ел намысын қорғаған. Қорғаныста сенімді, жас әрі әлеуеті жоғары ойыншы!
«Атырау» сапына қош келдің, Егор! Жаңа маусымда сәтті ойын, мықты нәтижелер және жанкүйерлер сенімін ақтауыңа тілектеспіз!, - деп жазды батысқазақстандық клуб Instagram-дағы парақшасында.