Елена Рыбакина Дубайдағы жарысты жалғастырудан не үшін бас тарқаны белгілі болды

Елена Рыбакина Дубайдағы жарысты жалғастырудан не үшін бас тарқаны белгілі болды

Әлемнің 3-ші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турниріндегі кездесуі кезінде дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина хорватиялық Антония Ружичке қарсы үшінші кезеңдегі кездесуінің үшінші сетінде жарыстан шығып қалды.

Матч тоқтаған сәтте спортшымыз 7-5, 4-6, 0-1 есебімен жеңіліп жатқан еді.

Медициналық үзіліс кезінде Рыбакина жүрегі айнып, басының ауырлығына шағымданғанын айтты. Сондай-ақ, соңғы кезде ұйқысының да нашар болып жүргенін айтқан.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или