Өзбекстан Қазақстанның Олимпиададағы жеңісін келеке етті

Өзбекстан Қазақстанның Олимпиададағы жеңісін келеке етті

Өзбекстандық футбол функционері Алишер Никимбаев 2026 жылғы Олимпиадада 500 метр қашықтықта топ жарған қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиевтің жеңісін әжуалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өз телеграм-арнасында Абзалдың жарыс бойы артта келе жатып, аяқ-асты алдыға озғанына келеке етіп жазды.

«Қазақстандық Олимпиадада эпикалық түрде жеңісті жұлып алды — оған қатты сәттілік серік болды. Бүкіл жарыс бойы соңында келіп, финиш алдында қарсыластарының көбі құлап қалды» деп жазып, әзіл смайлигін қоса жариялады ол. 

Айта кетелік, жарыс барысында Ажғалиев төртінші болып келе жатқан. Алайда шешуші сәтте бірнеше қарсыласы құлап, қазақстандық спортшы алға шығып, мәреге бірінші болып жетті. Италиялық спортшы финиш сызығын арқасымен сырғанап кесіп өткен. Нәтижесінде Ажғалиев ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или