Олимпиадада Овечкиннің рекорды жаңартылды

Олимпиадада Овечкиннің рекорды жаңартылды

Словакия құрамасының шабуылшысы Далибор Дворски 1/4 финалда Германияға қарсы матчта гол соғып, нәтижелі пас беріп, Олимпиада тарихында НХЛ-дегі дебютанттар арасындағы жаңа рекордты орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы хоккейші бір турнир аясында алты ұпай (3 гол + 3 пас) жинап, ресейлік аңыз Александр Овечкиннің көрсеткішінен асып түсті. Овечкин 2006 жылғы Олимпиадада 5 (5+0) ұпай еншілеген болатын. Сондай-ақ бұл нәтижеге финляндиялық Сами Ватанен (5 пас, 2014) мен Олли Мяяття (3+2, 2014) жеткен еді.

Айта кетелік, Дворски 2023 жылғы НХЛ драфтында Сент-Луис Блюз клубы тарапынан 10-нөмірмен таңдалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или