«Ақтөбе» түлегі «Шахтер» командасында доп тебеді

«Ақтөбе» түлегі «Шахтер» командасында доп тебеді

Қазақстандық қорғаушы Марк Богачев маусым соңына дейін «Шахтер» командасына жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Марк Қарағандының «Шахтеріне» жалға берілді».

Он сегіз жастағы «Ақтөбенің» қорғаушысы Марк Богачев маусым соңына дейін «Шахтер» командасында ойнайды.

Жас ойыншы бұған дейін QJ лигасында «Ақтөбенің» жастар командасында ойнап, 35 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы QJL All Star командасының капитаны ретінде Марк «Атлетико Мадридтің» жастар құрамасына қарсы ойнады.

Өткен жылы Богачев «Ақтөбенің» жастар құрамасымен Бірінші лигада алты матч өткізді.

Биыл қорғаушы негізгі құраммен бірге Түркиядағы «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына қатысты», - деп хабарлады «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или