«Жеңіс» жас ойыншыларды негізгі құрамға қосты
Астаналық «Жеңіс» клубы жас ойыншыларды қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жеңіс» клубы ресми түрде жас ойыншылар Батыхан Камарадинов пен Николай Горобченконы негізгі құрамға қосқанын жариялады. Келісімшарт 2029 жылға дейін күшінде болады.
19 жастағы Батыхан Камарадинов бұрыннан төрт матчқа шықса да, әлі нәтиже көрсеткен жоқ, ал 19 жастағы Николай Горобченконың Премьер-лигада тәжірибесі жоқ.
Айта кетелік, өткен маусымда «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасында 36 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или