Қазақстандық файтер: «Рейтинг жасайтындар шегіп алған»
Қазақстандық ММА өкілі Фаниль Рафиков PFL лигасының жаңартылған рейтинг тізіміне қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Дубайда өткен турнирде Саламат Исбулаев перулік Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Алайда жаңартылған рейтингте Исбулаев бесінші орынға көтерілгенімен, Пинедо үшінші сатыда қалып қойды.Рафиков бұл шешімнің қисынсыз екенін айтты.
«Жеңілген спортшы төмендеуі керек. Ал мұнда еш өзгеріс жоқ. Рейтинг жасайтындар шегіп алған сияқты. ММА-да бір қағида бар: жеңген файтер жеңілгеннен жоғары тұруы тиіс!» деді ол.
Айта кетелік, жекпе-жек Professional Fighters League (PFL) ұйымы аясында өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или