Атақты басылым Рыбакинаға баға берді

Атақты басылым Рыбакинаға баға берді

Әлеуметтік желідегі танымал The Tennis Letter парақшасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина-ның қазіргі формасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Парақша авторларының пікіріне сүйенсек, Рыбакина соңғы айларда өте қарқынды әрі сенімді ойын көрсетіп келеді. Ол матчтарды жоғары деңгейде өткізіп, қарсыластарына көп мүмкіндік бермей, басымдықпен жеңіп жүр.

«Рыбакина Дубайда Кимберли Бирреллді 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Лена соңғы уақытта қарқынды теннисті жиі көрсетіп жүр. Ол соңғы 25 матчтың 23-де жеңіске жетті. Соңғы айларда оның ойынын тамашалау бір ғанибет болды!  Әзірше ешбірі одан артық нәтиже көрсеткен жоқ» делінген жазбада.

Айта кетелік, бүгін Рыбакина келесі кезеңге жолдама алу үшін хорватиялық Антония Ружичпен (әлемнің 67-ракетсы) кездеседі. Матч сағат 15:00-ге жоспарланған. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или