Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сенімді жеңіспен бастады
Бүгін, 17 ақпанда, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан (БАӘ) турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда австралиялық теннисші Кимберли Бирреллмен кездесіп, 62 минутқа созылған екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, өткен жылы Дубайдағы турнирде Елена жартылай финалға шығып, ресейлік теннисші Мирра Андреевадан жеңілген болатын.
Дубайдағы турнирдің жүлде қоры 4 088 211 АҚШ доллар. Жеңімпаз 665 000 АҚШ доллары мен 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тарихи жетістік тіркеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или