Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Бүгін Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды. Бұл сында ел намысын Шыңғыс Рақпаров қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрама спортшысы шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарыста мәреге 32-ші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші 32 минут, 42 секунд.
Айта кетейік, күндіз Шыңғыс үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыдан көрінген.
Шаңғы қоссайысы, үлкен трамплин жүлдегерлері:
- 1. Енс Лурос Офтебру (Норвегия)
- 2. Йоханнес Лампартер (Аустрия)
- 3. Илькка Херола (Финляндия)
Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз атанған.
Олимпиада 2026: Он бірінші күннің тікелей трансляциясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или