Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Лилль (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлемнің 195-ракеткасы Т.Скатов алғашқы айналымда рейтингіде 294-орындағы корт иесі Кальвин Эмериді оңай жеңді — 6:1, 6:3.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Скатов 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 263-орындағы, доданы іріктеу сайыстарынан бастаған М.Кукушкин сол қарқынын негізгі жарыста да жоғалтқан жоқ. Ол әлемнің 156-ракеткасы, италиялық Джулио Зеппиериді сүріндірді — 6:3, 6:1. Бұл кехдесу де бір сағаттан астам уақытқа созылды. Кукушкин 2 эйс,.4 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін франциялықтар, әлемнің 120-ракеткасы Титуан Дроге және рейтингіде 130-орындағы Люка ван Ашпен таласады.

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде бес орын жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тарихи жетістік тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или