«Елімай» алдағы жоспарларымен бөлісті
Семейлік «Елімай» командасы оқу-жаттығу жиынындағы алдағы қарсыласын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Семейлік клуб 19 ақпанда Қазақстан уақытымен 19:00-де Өзбекстанның «Динамо Самарканд» командасымен кездеседі.
Клуб 2026 жылы 6–28 қаңтар мен 3–27 ақпан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) екі кезеңде дайындық өткізеді. Жаттығулар барысында Андрей Карпович баптайтын команда бірнеше дайындық матчтарын өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Елімай» 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға ие болды. Бұл нәтиже клубқа алғаш рет Конференция Лигасына іріктеу кезеңінен қатысу мүмкіндігін берді.
«Қайрат» екі түлегін қазақстандық клубтарға жалға берді
«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтеді
«Ақтөбе» ойыншысы командадан кетті