«Қайрат» үш ойыншының клубтан кеткенін мәлімдеді

«Қайрат» үш ойыншының клубтан кеткенін мәлімдеді

Алматылық «Қайрат» жартылай қорғаушы Мирас Оматайдың, сондай-ақ шабуылшылар Сейф Попов пен Аруп Саутовтың Қазақстанның басқа клубтарына ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы Мирас Оматай мансабын «Ертіс» клубында жалғастырады. Өткен маусымда 21 жастағы футболшы «Жетісу» сапында жалға ойнап, 15 матчқа қатысты.

Шабуылшы Сейф Попов «Алтай» клубының ойыншысы атанды. 21 жастағы шабуылшы 2025 жылдың қаңтарынан бастап бұл командада жалға ойнаған. Өткен маусымда Попов 24 матч өткізіп, 6 гол соқты, сондай-ақ Қазақстанның U-21 құрамасында өнер көрсетті.

Тағы бір шабуылшы, 20 жастағы Аруп Саутов «Шахтёр» клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Өткен маусымда футболшы Бірінші лигада «AKAS» командасының намысын қорғаған.

«Қайрат» екі түлегін қазақстандық клубтарға жалға берді

«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтеді

«Ақтөбе» ойыншысы командадан кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или