Олимпиада-2026: Фристайл-акробатика бәсекесінде кесте өзгерді

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатика бәсекесінде кесте өзгерді

Италиядағы Ливиньо тау шаңғы курортында қалың қарға байланысты XXV қысқы олимпия ойындарындағы фристайл-акробатика жарысының іріктеу уақыты өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Олимпиада ойындарында фристайл-акробатика бойынша барлық жарыс қолайсыз ауа райына байланысты кейінге шегерілді. Жарыстардың жаңартылған кестесі алдын ала хабарланады. Мұнда Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас сынға түсуі керек.

Ал ерлер арасындағы алғашқы іріктеу ертеңге шегерілді. Мұнда жүлдеге жастар арасындағы әлем чемпионы Дінмұхаммед Райымқұл, Азия ойындарының жеңімпазы Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және ең жас отандасымыз Асан Асылхан бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или