Алматылық клуб екі ойыншысын жалға берді
Алматылық «Қайрат» екі жас футболшысын жалға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде алматылық команданың баспасөз қызметі мәлімдеді:
«22 жастағы қорғаушы Сұлтан Аскаров жаңа маусымда қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетеді. Ал 21 жастағы латераль Рамазан Каримов жыл соңына дейін павлодарлық «Ертіс» клубына жалға ауысады. Жаңа командаларында сәтті маусым, тиімді жұмыс, тұрақты ойын тәжірибесін тілейміз», - деп жазылған хабарламада.
Сұлтан Асқаров 2004 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасының түлегі қазірге дейін «Қайрат-жастар», «Жетісу» клубтарында ойнады.
Ал Рамазан Кәрімов 2004 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайрат-жастар», «Каспий», «Жетісу» клубтарының намысын қорғады.
«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтеді