Анасы мен ұлы қысқы Олимпиада ойындарында алғаш рет бірге өнер көрсетті
Мексикалық тау шаңғышысы Сара Шлепер мен оның ұлы Лассе Гасиола Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
46 жастағы Шлепер супергигантта 26-орын алды. Сондай-ақ алып слалом жарысы барысында мәреге жете алмады.
Гасиола - Олимпиада ойындарының дебютанты. 18 жастағы спортшы алып слаломда 53-орынға ие болып, 2026 жылғы ойындардағы слаломда мәреге жете алмады.
Айта кетейік, Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.
XIV қысқы Паралимпия ойындарына қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или