ISU Конькишілер үйінде Қазақстан делегациясын қабылдады

ISU Конькишілер үйінде Қазақстан делегациясын қабылдады

Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары аясында Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Конькишілер үйінде Олимпиадалық қозғалыс көшбасшыларына арналған ресми қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

Қабылдау барысында ISU басшылығымен, соның ішінде ұйым президенті Ким Чжэ Ёль және бас директор Колин Смитпен жұмыс кездесуі өтті.

ISU басшысы қазақстандық тарапты мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоровтың Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтап, спортшының жоғары деңгейін атап өтті.

Тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, ұлттық федерацияларды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, 2029 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелерін талқылады.

«Олимпиада ойындары - халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңы. Біз үшін өзара сындарлы әрі серіктестік қатынас орнаған ISU-дың ресми қабылдауына қатысу - үлкен мәртебе.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары қарсаңында өзара ынтымақтастықты күшейтіп, тәжірибе алмасуды жалғастырып, конькимен жүгіру спортының бағыттарын дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл спортшыларды даярлау ісіне және жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосымша серпін береді», - деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Миланда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті, мәртебелі шейх Джоан бин Хамад әл-Тани 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізу туралы құжатқа қол қойған еді.

ҰОК Президенттік орталыққа олимпиадалық жәдігерлерді табыстады

Фото. Головкин Әзірбайжандағы алғашқы AIGA турниріне қатысты

Головкиннен жеңілген боксшы төрт жылдан соң рингке шығады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или