«Ақтөбе» тағы бір легионермен толығады
«Ақтөбе» футбол клубының қатары тағы бір легионермен толығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
AmanVIBE арнасының хабарлауынша, «ақ-қызылдар» Кабо-Верде құрамасының жартылай қорғаушысы Илано Силва Тимасты қатарына қосады.
23 жастағы вингер бұған дейін Нидерланд бірінші лигасындағы «Маастрихт» клубында өнер көрсетті (25 матч, 5 гол, 5 ассист).
«Фейеноорд» академиясының түлегі 2025 жылдың мамырында Кабо-Верде құрамасында дебют жасады.
«Ақтөбе» ойыншысы командадан кетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или