Ағылшындық клуб 145 жыл бұрынғы рекордты қайталады
Ағылшындық «Манчестер Сити» клубы 145 жыл бұрынғы рекордты қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қалалықтар» Англия кубогының 1/16 финалында «Солфордтан» 2:0 есебімен басым түскен еді. Осылайша Англия кубогының өз алаңындағы қатарынан 17 матчында жеңіске жеткен екінші клуб атанды.
Бұл рекордты 1873-1881 жылдар аралығында «Клэпхем Роверс» орнатқан еді.
Айта кетейік, Пеп Гвардиола шәкірттері 1/8 финалда «Ньюкасл Юнайтедпен» күш сынасады. Бұл матч сырт алаңда өтеді.
«Барселона» сырт алаңда жеңіліп қалды
Чесноков Шотландия чемпионатындағы матчы үшін қандай баға алды?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или