Олимпиада-2026: Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров үздіктер қатарынан көріне алмады

Олимпиада-2026: Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров үздіктер қатарынан көріне алмады

Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыға тұрақтады. Енді осы ұпай айырмашылығы Гундерсен әдісі арқылы уақытқа айналады. Сосын алған орнына қарай спортшылар шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарысады. Мәреге бірінші жеткен шаңғышы жеңімпаз атанады. Шаңғы жарысы бүгін Астана уақытымен сағат 17.45-те басталады. Отандасымыз көшбасшыдан 4 минут, 6 секундтан кейін жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз атанған.

Олимпиада 2026: Он бірінші күннің тікелей трансляциясы

Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы финалға өте алмады

Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или