Хабиб Ислам Махачевтің октагонға қашан оралатынын айтты

Хабиб Ислам Махачевтің октагонға қашан оралатынын айтты

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы және қазіргі бапкер Хабиб Нурмагомедов Усман Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«PFL Усманға 2026 жылы үш жекпе-жек ұсынып отыр. Ислам маусым немесе шілде айында оралуы мүмкін, мен нақты білмеймін. Ол Рамазаннан кейін жекпе-жек өткізеді. Біз оның келесі жекпе-жегіне дайындалып жатырмыз», - деді Хабиб Anatomy of a Fighter YouTube каналында.

Махачев кейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында өткізіп, UFC 322 турнирінде Джек Делла Маддаленаны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Усман Нурмагомедов 7 ақпан күні PFL Dubai турнирінде Альфи Дэвисті қылқындыру әдісімен жеңді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или