Тайсон мен Мейвезер жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды
Америкалық Майк Тайсон мен кіші Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек осы көктемде Конгода өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы The Ring инсайдері Майк Копинджер хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, жекпе-жек 25 сәуірге жоспарланған.
59 жастағы Тайсонның 50 жеңісі (44 нокаутпен) және 7 жеңілісі бар. 2024 жылдың қарашасында Тайсон блогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізіп, 8 раундтан кейін төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады.
48 жастағы Мэйвезер 50 жекпе-жекте 50 жеңіске жетті (27 нокаутпен).
Головкиннен жеңілген боксшы төрт жылдан соң рингке шығады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или