Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы финалға өте алмады
Олимпиада-2026 аясында трамплиннен шаңғымен секіруден ерлер арасындағы командалық жарыстың екінші кезеңі өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетті, деп хабарлайды
Ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады. Екінші раунд қорытындысы бойынша қазақстандықтар 231,8 ұпай жинады:
- Мизерных — 114,3 ұпай
- Васильев — 117,5 ұпай
Екі кезең нәтижесінде Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші 482,4 ұпай болды. Алайда бұл нәтиже финалға шығу үшін жеткіліксіз еді. Шешуші кезеңге үздік сегіз команда ғана жолдама алды.
Айта кетелік, алғашқы раундта Қазақстан 250,6 ұпай жинап, 11-орын алған болатын. Бұл көрсеткіш екінші кезеңге өткен 12 команданың қатарына кіруге мүмкіндік берген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или