«Ақтөбе» украин бапкерін назарға алды
Украиналық маман Владислав Лупашко «Ақтөбемен» жүргізген келіссөздері туралы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның сөзіне сүйенсек, ел емес ондағы жүргізетін жоба маңызды.
«Ақтөбемен» арада әңгіме бар. Бірақ мен келіссөздерге қатыспаймын, сондықтан нақты бір нәрсе айту мүмкін емес. Қазақстанда жұмыс істеу қызық болар ма еді десек, жалпы ел маңызды емес, маңыздысы біздің жобамыз. Клубтың қалауымен бізге бірге дамуға мүмкіндік бар ма? Сол басты сұрақ қой. Барлығы мүмкін» деді шетелдік бапкер.
Күні кеше Қазақстан және Украина баспасөздерінде Лупашконың «Ақтөбенің» бас бапкері лауазымына тағайындалатындар қатарында екені хабарланған. Қазіргі уақта «Ақтөбе» командасының ресми бас бапкерлігінде болгариялық Николой Костов отыр.
Айта кетелік, 39 жастағы Лупашко 2022 жылдан бері бапкерлік қызметте жүр.