«Кездейсоқ жеңіс емес» - Шайдоров бапкері сынға жауап берді
2026 жылғы Олимпиада чемпионы Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов сын айтқандарға жауап беріп, шәкіртінің таза жеңіске жеткенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Урманов шәкіртінің жеңісін жоққа шығармақ болған пікірлерге қарсы жауап берді.
«Әуелден, бақыт мықтыларға келеді: кімге бақыт келсе, сол жеңеді. Ал басқа адамдардың әрекеттері үшін біз жауап бермейміз. Менің ойымша, Михаил Шайдоров сол жарыста абсолютті түрде жеңді. Ол Олимпиада ойындарын 100, 200 миллион пайыз таза түрде жеңді!» деді ресейлік маман.
Айта кетелік, шетелдік ақпарат көздері Қазақстан спортшысының Олимпиададағы сенсациялық жеңісін басты фавориттердің қателіктерімен байланыстырған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или