Хабибтің жылдық табысы 46 млн ақш долларына бағаланды

Хабибтің жылдық табысы 46 млн ақш долларына бағаланды

Ресейлік UFC файтері Хабиб Ресейдегі бар бизнесін қойып, енді қаражатын БАӘ-де инвестициялауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тіркеу деректеріне сәйкес, Хабиб «KHABIB GYM» спортзалдар желісін іске қосып, жыл сайын роялти арқылы 6 миллион АҚШ долларына дейін табыс тауып жатыр. Сонымен қатар, ол Gorilla FC ұйымын 1 миллион долларға сатып алып, оны EAGLE FC деп атады. БАӘ-дегі жалпы жылдық табыс шамамен 46 миллион АҚШ долларына бағаланады» дейді дереккөз.

Айта кетелік Хабиб Нурмагомедов MMA-де 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, UFC жеңіл салмақтағы чемпионы болған. Ол спорттық мансабын 2020 жылы аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или