Шавкат Рахмоновтың әйелі тағылған айыппен келіспеді
Қазақстандық жекпе-жек файтері Шафкаттың әйелі Гүлайым Рахмонова өлімге әкелген жол апаты бойынша алдын ала сот тыңдауында ол өз пікірін жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы «HALYQSTAN» телеграм парақшасы мәлім қылды.
Сотта Рахмонова оған тағылған айыппен келіспеді. Ол автокөлікті оңға аударылып кеткен кезде түзетуге әрекет жасағанын айтты. Рахмонова мен оның қорғаушысы қосымша сараптама жүргізуді сұрағанымен, прокурор Сабыр Серік бұл өтінішті мақұлдамады.
«Тергеу кезінде Рахмонова бірнеше рет жауап беріп, кінәсін мойындаған. Ал бүгін пікірі өзгеріпті. Қосымша сараптама жүргізуге негіз жоқ» деді прокурор.
Еске сала кетелік, өлімге әкелген жол апаты 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы - Екатеринбург тас жолында орын алды. Ол уақытта Рахмонова Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін басқарған. Қозғалыс ретін жоғалтқан көлік бірнеше рет аударылып, қарсы жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде Рахмонованың туған әпкесі мен досы қаза тапты, ал Гулайым мен баласы ауруханаға жеткізілген болатын.