«Қайрат» - «Каспий»: Тоқаев қос гол соқты

«Қайрат» - «Каспий»: Тоқаев қос гол соқты

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында ақтаулық «Каспий» құрамасын 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ойын драмаға толы шиеленіспен басталды. Үшінші минутта «Қайраттың» қақпашысы Вандесон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан жағынан кем қалғанына қарамастан, алаң иелері дер кезінде бастаманы өз қолдарына ала білді.

12-минутта есепті Хьюго Невеш ашты. Үзіліске дейін Дәурен Тұрсағұлов пен Жомарт Тоқаевта мергендік танытып, алматылықтар бірінші таймды 3:0 есебімен аяқтады.

Екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін босатқан жоқ. Хьюго Невеш пен Жомарт Тоқаев матчтағы екінші голдарын соқты.

Айта кетелік, аталмыш жеңістен кейін «Кайрат» 59 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал «Каспий» 32 ұпаймен алтыншы сатыға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или