«Халл Сити» «Челсиді» қалай қорлады?
Англия кубогы аясындағы Халл Сити мен Челси арасындағы матчта жанжал туды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу барысында алаң иелерінің жанкүйерлері қонақ құраманың футболшыларына қатысты гомофобиялық сипаттағы кемсітуші айқай-шу шығарған. Матч бойы жалғасқан бұл әрекеттерден кейін бірнеше адам қамауға алынды.
Стадион дикторы алғашқы таймның өзінде жанкүйерлерден мұндай дискриминациялық әрекеттердің қылмыс боп танылатынын ескертіп, тоқтатуды талап еткен. Алайда қорлау сөздер жалғаса берген.
Екінші таймда тағы да ресми ескерту жасалды. Онда да біраз жанкүйерлердің ұсталғаны хабарланды.
Айта кетелік, ойын қорытындысы бойынша «Челси» қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или