Дана Уайт: «Қанша жекпе-жек боларын айтпаймын!»

Дана Уайт: «Қанша жекпе-жек боларын айтпаймын!»

UFC промоушенінің президенті Дана Уайт 14 маусым күні Ақ үй алаңында (Вашингтон, АҚШ) өтетін турнирдің кард тізімі толық жасақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Уайттың сөзіне сенсек, кард құрамы жасақталған. Әйтсе де ол оны қазір ашық айтқысы келмейді.

«Бізде екі түрлі нұсқа бар және матчмейкинг толық жүргізілді. Өткен аптада Ақ үйдегі турнирдің кард құрамын біржола тізімдедік. Қанша титулдық жекпе-жек өтетінін алдын-ала айтпаймын»  деді Уайт Лас-Вегаста өткен Zuffa Boxing 3 бокс кешінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетелік, бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) қазіргі чемпионы Ислам Махачев аталмыш турнирде өнер көрсетуге ниет білдірген болатын.








Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или