Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің іріктеу сайысын сәтті аяқтады

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің іріктеу сайысын сәтті аяқтады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 350-ракеткасы Денис Евсеев Нью-Дели (Үндістан) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші алдымен тартысты матчта малайзиялық Мицуки Вэй Канг Леонгты тізе бүктірді – 6:4, 6:7 (3:7), 6:4.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 682-орындағы болгариялық Александр Донскидан басым түсті – 4:6, 6:4, 6:1. 

Осылайша, Д.Евсеев негізгі додаға жолдама алды. Бүгін жаңартылған рейтингіде ол 362-ден 350-орынға көтерілді. 

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин іріктеудің жартылай финалында ресейлік Егор Агафоновтан айласын асырды – 6:3, 2:6, 7:6 (9:7). Алайда бүгін Польша өкілі Макс Касиновскиге 1:6, 2:6 есебімен жол беріп, негізгі кезеңнен тыс қалды. 

Әлемнің 292-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бірден негізгі турнирде бақ сынайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы – жарыстың 1-ракеткасы, рейтингіде 134-орындағы аустралиялық Дейн Суини. 

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тарихи жетістік тіркеді

Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде бес орын жоғары көтерілді

Рыбакина WTA рейтингінде екінші орынға жақындады

Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или