Самат Смаковқа ресейлік клуб қызығушылық танытты

Самат Смаковқа ресейлік клуб қызығушылық танытты

Қазақстандық бапкер Самат Смаковқа Ресейдің «Черноморец» клубы қызығушылық танытты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

47 жастағы маман маусымаралық үзіліс кезінде «Жетісудан» кеткен болатын, оның орнына команданы Қайрат Нұрдәулетов тізгіндеді.

«Черноморец» клубы Ресейдің бірінші дивизионында өнер көрсетеді және Смаковтың кандидатурасына қызығушылық танытқан болатын. Алайда келіссөздер барысында клубтың алдағы жазда қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін екені белгілі болды. Осы жағдайлардың барлығын саралай келе, қазақстандық маман «Черноморецтің» ұсынысынан бас тартты.

Бұған дейін Самат Смаковты Қырғызстан чемпионатының клубы да шақырған еді.

«Ақтөбенің» қос футболшысы қатардан шықты

«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтеді

«Ордабасы» өзбекстандық команданы жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или