Олимпиада-2026: Тау шаңғысынан Ростислав Хохлов мәреге жете алмады
Бүгін Италияның Бормио тау шаңғы курортында XXV қысқы олимпия ойындарында ерлер арасында шаңғы жарысының слалом дисциплинасындағы жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Ростислав Хохлов алғашқы бөлікте жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, күн райының қолайсыздығынан 50-ден астам атлет мәреге жете алмады. Бұл қатарда Ростислав та бар. Енді қалған спортшылар бүгін Астана уақытымен 17:30-да осы бағдарламадағы екінші мүмкіндігін пайдаланады. Жүлдегерлер екі уақыт нәтижесінің қосындысынан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, ересектер арасында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатқан 18 жастағы Ростислав бірнеше күн бұрын гигант-слалом дисциплинасында 51-сатыдан көрінген. Ұлттық құрама өкілі үшін Милан Олимпиадасы аяқталды. Алда 18 ақпанда Александра Скороходова ғана бақ сынайды.
Олимпиада 2026: Оныншы күннің тікелей трансляциясы
Михаил Шайдоров Олимпиадада қысқа бағдарламада бесінші орын алды
Шорт-трек: Қазақстандық қос спортшы Милан Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды