Қазақстандықтар Михаил Шайдоровқа пәтер және көлік сыйлады

Қазақстандықтар Михаил Шайдоровқа пәтер және көлік сыйлады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров Милан мен Кортине-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында алтын медаль еншілеген болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы спортшы еркін бағдарламада бес төрттік секіруді мінсіз орындап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, сенімді түрде алтын медальге қол жеткізді. Бұл – Қазақстан үшін тарихи жеңіс, ал Шайдоров үшін мансабындағы ең жоғары жетістік болды.

Осы жеңістен кейін олимпиада чемпионына мемлекет тарапынан да, бизнес өкілдері мен өнер жұлдыздары тарапынан да спортшыға алғыстар мен сыйлықтар ағыла бастады.

Отандық құрылыс компанияларының бірі чемпионға Астанадан үш бөлмелі пәтер табыстайтынын хабарлады Сондай-ақ, inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдің әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 автокөлігін тарту етті (ұлының шетелде жаттығуы үшін Стас мырза өзінің жалғыз көлігін сатқан).

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген де тарихи жеңіске үн қосып, чемпион елге оралған соң оған жеке автокөлік сыйлайтынын жариялады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Олимпиада чемпионы ретінде Михаил Шайдоров мемлекеттен 250 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы!

Михаил Шайдоров Олимпиадада қысқа бағдарламада бесінші орын алды

Шорт-трек: Қазақстандық қос спортшы Милан Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или