Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Милан Олимпиадасының ширек финалына шықты
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш жарыста әлем кубогы кезеңнің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжғалиев пен әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Никиша сынға түсті.
Абзал 2-топтағы жарыста мәреге бірінші болып келіп, ширек финалға жолдама алды. Ал Денис Никиша 3-топта сынға түсіп, мәреге үшінші жетті (40.818 секунд). Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Никиша уақыт көрсеткіші бойынша ширек финалға шықты.
Айта кетейік, Әжғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиада.
Енді ширек финалдан бастап ақтық сын бәсекесі 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді.
Олимпиада 2026: Оныншы күннің тікелей трансляциясы
Олимпиада-2026: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Шайдоровтың қарсыласы Малинин: «Ол ең жақсы нәтиже көрсете алмады»