Ризабек Айтмұхан Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде топ жарды
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді.
Сонымен қатар 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков те финалға дейін жетті.
Дегенмен шешуші бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Артур Найфоновқа жол берді. Осылайша күмістен алқа тақты.
Еркін күрестен ұлттық құраманың бапкерлер штабы толық жасақталды
Ризабек Айтмұхан Бішкектегі турнирге қатысады
Еркін күрестен ұлттық құрама бапкері алдағы жоспарларын айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или