Головкин Әзірбайжандағы алғашқы AIGA турниріне қатысты

Головкин Әзірбайжандағы алғашқы AIGA турниріне қатысты

World Boxing ұйымының президенті және ҚР ҰОК басшысы Геннадий Головкин Бакуде өткен грэпплингтен тарихи турнирге қатысты. Бұл дода спорттың жаңа даму кезеңінің бастау нүктесі ретінде бағалануда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

15 ақпанда Әзірбайжан астанасында алғаш рет United World Wrestling (UWW) ұйымымен серіктестікте AIGA турнирі өтті. Оқиға аясында ұйымдар арасында ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылып, бұл спорт тарихындағы маңызды кезеңге айналды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиевтің айтуынша, бұл турнир - жай ғана жарыс емес, жаһандық спорт қауымдастығы үшін тарихи оқиға.

«Бүгін біз грэпплингтің болашағын айқындай алатын оқиғаның куәсі болдық. AIGA мен UWW-дің бірлескен жұмысы осы спорт түрін олимпиадалық және құрлықтық бағдарламаларға енгізудің негізін қалап отыр. AIGA турнирлері әлемнің көптеген елдерінде спорттың дамуына қуатты серпін береді. Бұл, шынымен де, алға жасалған маңызды қадам», - деп атап өтті ол.

AIGA турнирі бұған дейін АҚШ пен Қазақстанда сәтті ұйымдастырылса, енді алғаш рет әзірбайжан жерінде өтіп отыр. 13-15 ақпанға жоспарланған бұл жарыстарға 30-дан астам елдің кәсіби спортшылары қатысып, грэпплингке деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.


Головкиннен жеңілген боксшы төрт жылдан соң рингке шығады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или