Рыбакина WTA рейтингінде екінші орынға жақындады

Рыбакина WTA рейтингінде екінші орынға жақындады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орында тұр, бірақ оның әлемнің екінші ракеткасы поляк Ига Швентекпен айырмашылығы 280 ұпайға дейін қысқарды.

Australia Open чемпионы Рыбакинаның қазіргі уақытта 7523 ұпайы бар, ал поляк өкілінің 7803 ұпайы бар.

Беларусьтік Арина Соболенко рейтингте 10870 ұпаймен сенімді көш бастап тұр.

Қазақстандық Юлия Путинцева сегіз орынға төмендеп, 78-ші орынға жайғасты.


Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или