Чесноков «Хартс» сапында сәтсіз матч өткізді

Чесноков «Хартс» сапында сәтсіз матч өткізді

«Хартс» командасының қазақстандық шабуылшысы Ислам Чесноков Шотландия Премьер-лигасының 27-ші турында «Рейнджерске» қарсы ойыннан кейін Flashscore сайтынан ең төменгі бағалардың бірін алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы шабуылшының Глазгодағы матчтың бірінші таймындағы ойыны 5,7 баллмен бағаланды. Чесноков үзілісте алмастырылды. Тек «Хартс» қақпашысы Александр Шволов 5,4 деген баға алды. 

Айброкс стадионында өткен матч «Рейнджерс» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Көңіл көншітпейтін нәтижеге қарамастан, «Хартс» лига кестесінде 57 ұпаймен көш бастап тұр.


«Хартс» Ислам Чесноковпен бірге сырт алаңда жеңілді

«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» 18 жастағы ойыншыға таласуда

«Интер» — «Ювентус» матчында даулы жағдай тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или