Қазақстандық конькимен жүгірушілер 500 метр қашықтықта өнер көрсетті

Қазақстандық конькимен жүгірушілер 500 метр қашықтықта өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының атынан бұл жарыста Кристина Силаева мен Арина Ильященко бақ сынады.

Силаева 38.33 секунд уақыт көрсеткішімен қорытынды есепте 18-орынға ие болды. Ал Ильященко 39.38 секунд уақыт көрсеткішімен 29-орынға тұрақтады.

Нидерландтық Фемке Кок Олимпиада рекордын жаңартып (36.49), алтын медаль жеңіп алды. Тағы бір Нидерланд өкілі Ютта Лердам (37.15) екінші орынға ие болды. Қола жүлде жапониялық Михо Такагиге (37.27) бұйырды.

2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады

Олимпиада-2026: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті

Шайдоровтың қарсыласы Малинин: «Ол ең жақсы нәтиже көрсете алмады»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или