«Бавария» қақпашысы бірнеше аптаға қатардан шықты

«Бавария» қақпашысы бірнеше аптаға қатардан шықты

«Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер жарақатына байланысты біраз уақыт алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ол «Вердерге» қарсы ойында сол аяғының балтыр бұлшықетін жарақаттап алған.

БАҚ дерегінше, Нойер Бундеслигадағы келесі матчта «Айнтрахтқа» қарсы ойынға қатыспайды. Bild басылымы оның шамамен үш аптадай алаңнан тыс қалуы мүмкін екенін жазды.

Биылғы маусымда 39 жастағы қақпашы Германия чемпионатында 18 матч өткізіп, 17 гол жіберіп алған.

«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» 18 жастағы ойыншыға таласуда

«Интер» — «Ювентус» матчында даулы жағдай тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или